Түркияның батыс жағалауында мигранттар мінген қайық құрдымға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның батыс жағалауында мигранттар мінген қайық құрдымға кетті

09.08.2018

Апаттан 9 адам қаза тапқан. Жағалау қызметі 4 адамды құтқарды. Олар мінген қайық туристер арасында танымал Айдын провинциясына жақын маңда суға батқан. Соңғы мәліметтерге сай, жыл басынан бері Түркия суларында 54 заңсыз мигрант Еуропадағы діттеген жерлеріне жете алмай, қаза тапты. Ал, 2016 жылы Түркия мен Еуропа арасындағы келісім өз елдеріндегі соғыс, ашаршылықтан қашып, Батыс елдеріне баруды көздейтін босқындардың санын азайтып отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу