11 миллиард теңгені депозитке заңсыз салғаны үшін қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 миллиард теңгені депозитке заңсыз салғаны үшін қылмыстық іс қозғалды

27.02.2020

«ҚазАгро» холдингіне қарасты «Аграрлық несие корпорациясына» қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мемлекеттік бағдарлама бойынша шаруаларды субсидиялауға бөлінген 11 миллиард теңгені аталған ұйым «Хоум Кредит банк» депозитіне пайда табу мақсатында салған. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы кәсіпкерлер форумында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда квазимемлекеттік мекемелер арасында бюджеттен бөлінген қаржыны банк депозитіне салу үрдісі белең алғанын айтады ол. Жемқорлықтың алдына алу мақсатында 2025 жылға есептелген Жемқорлыққа қарсы стратегия бағдарламасы жүзеге асырылады. Стратегия ауылшаруашылық, жер қойнауын пайдалану, сәлет және құрылыс саласын қамтымақ. Бағдарламаның бір кезеңі - бинеске қажетті қызмет түрлерін элетронды жүйеге ауыстыру.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу