Елімізде былтыр 3805 адам өз-өзіне қол жұмсаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде былтыр 3805 адам өз-өзіне қол жұмсаған

23.02.2020

Бас прокуратура жақында таратқан мәлімет бойынша елімізде былтыр 3805 адам өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 263 адамға көп... Жасөспірімдер бойынша тіркелген факт - 180.

Басты сауал – балалар неге мұндай қадамға барады? Бұл тәрбиенің базалық көрсеткіші емес пе? Психикалық, эмоционалдық күймен байланысты құбылысты талдап, қорытынды жасаудың жолдары қайсы? «Асылып қалыпты, көп дәрі ішіпті, секіріп кетіпті» деген хабарды естімейтін күн туа ма? Тақырыпқа қатысты мақалаларды оқып отырсақ, ең көп тараған факторлар – депрессивті симптоматика, адамдардың тұлғалық ерекшеліктері, әлеуметтік оқшаулық, жалғыздық сезімі...

Суицид мәселесмен айналысатын Екатерина Миронова есімді психиатр қоғамда кәсіби маманға жүгіну дәстүрі жоғына тоқталған. Керісінше, психолог, психотерапевтке бару – көпшілік үшін өзін дені сау емес деп есептеумен бірдей, дейді. Бұл туралы әңгімелесу дәстүрі де жоқ.

Өте күрделі сауалға ата-аналар, мұғалімдер, психолог-мамандар және жасөспірімдердің өздері не дейді?

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу