Қарағанды соты «Охотзоопром» инспекторы «Ерлан Нұрғалиевті өлтірді», қорықшы «Петр Ницыкты өлтіруге әрекет жасады» деп айып тағылған Қызылорданың үш тұрғынына өмірлік жаза берді. Олар: Қайрат Ақшанов, Берік Ахметов және Нұрлан Шүкілдіков.
Ал «заңсыз аңшылық құрды» деп айыпталған Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімовтің әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімін естігенде өмірлік жаза берілген Ақшанов судьяға «Үкім тым қатал, істің шикі тұстары көп екенін білесіз бе?!»,- деп айғайлаған. Қорықшыны жұдырықтап, мылтықтың дүбімен ұрғанын мойындаған Қайрат Ақшанов өзін қатаң жазаламауды сұрап, жылады да... Сотталғандардың адвокаттары қайта шағымданатындарын жеткізген. Марқұм қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің ағасы Нұрлан Нұрғалиев пен жәбірленуші Петр Ницык айыпталушыларға ең жоғары жаза беруді сұраған. Бұған қоса, соттан моральдық шығын ретінде - 20 млн теңге, материалдық шығын ретінде 9 млн теңге өндіріп беруді, адвокаттарға кеткен шығынды өтеуді сұрады. Сот бұл өтініштерді жартылай қанағаттандырды. Прокурор Қуаныш Жексенбаев соттан жәбірленушілердің шағымын, сонымен бірге Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының 89 млн теңгені өтеу туралы шағымын қанағаттандыруды сұраған.
Былтыр қаңтарда Қарағанды облысында браконьерлер «Охотзоопром» мекемесінің қорықшылары 52 жастағы Ерлан Нұрғалиев пен 58 жастағы Петр Ницыкқа шабуылдаған. Нұрғалиев қаза тапқан. Ал Ницык жарақаттанған.
Нысаналы ЫҒЫЛ