Қалың түскен қарды тазалау кімнің міндеті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қалың түскен қарды тазалау кімнің міндеті?

22.02.2020

Биылғы қыста қар қалың түсті. Ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы тозатын Қазақ елінің кей өңірінде қардан шатыры көрінбей қалған үйлер бар. Олардың бүгіні белгілі, ертеңіне қатты алаңдайды ел. Өйткені, еріген су арнасынан адасып ағып айналасын көл қылса, барынан бір күнде айрылған көптің көз жасы көл болғалы тұр. Біз биіктігі 8 метр қар түсетін Жапонияның Амори қаласында емеспіз. Болмаса биіктігі 3,5 метр болатын қардың астында қамалған Канаданың Сент-Джонсында тұрмаймыз. Бірақ жыл сайын қыста қар күреуге күрек таппаған бейбақтың күйін кешеміз. Тас жолда ас-сусыз, жанармайсыз қарға көміліп қалған ағайынның арызы тіптен ащы.

Қазақстанның орталығына боран келгенде де тәртіп сақшылары тынымсыз қызмет қылды. Мұз қатқан киімдерін елеместен елге болысты. Өйткені жұрт жолда қалған еді. Сол кезде ағайын ашу шақырды. Ақылы жол жасағандардың қар күреуге ақылы жетпей ме деп.

Біз зерттеу жүргіздік. Қар көп түсті, рас, ал оны тазалау кімнің міндеті? Қай шендігінің ісінен шикілік шықты?

Еркін СЪЕЗҰЛЫ  


Хабарламаларға жазылу