Жапониядағы қазақстандық жолаушылар елге оаралады

21.02.2020

Жапонияда бірнеше күн карантинде тұрған кемедегі қазақстандықтар ертең елге оралады. Мұны еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Бүгін «Diamond Princess» (Дайамонд Принсесс) круиз лайнерінде қалған екі азаматымыз жерге түсірілген. Олар Токиодағы қонақ үйлердің біріне орналастырылды. Мамандардың айтуынша, біздің төрт азаматымыз да коронавирусты анықтайтын тестіден өткен. Олардың вирус жұқтырмағаны анықталды. Токиодағы біздің дипломаттар лайнерде Қазақстан азаматтары бар екені белгілі болған сәттен бастап олармен үнемі байланыста болып, консулдық-құқықтық көмек көрсетті.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу