Оңтүстік Кореяда коронавирус құрбандарының саны 2236-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда коронавирус құрбандарының саны 2236-ға жетті

21.02.2020

Қытайдың экономикасын әлсіретіп, әлеуметін әбігерге салған коронавирус құрбандарының саны бұл елде 2236-ға жетті. Жұқпалы індетке Қытайда 75 мың, ал әлем бойынша мыңнан астам адам шалдыққан. Мамандардың айтуынша, эпидемия қарқынының бәсеңдеуі уақытша болуы мүмкін. Сол себепті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы уақытты пайдаланып, күресті күшейту керек дейді. Бүгін мәлім болғандай, қазір коронавирусқа қарсы препарат сынақтан өткізіліп жатыр. Оның қорытындысы үш аптадан кейін белгілі болмақ. 

Есесіне емі белгісіз вирус Оңтүстік Кореяда да өршіп барады. Бейсенбі күні елде одан қайтыс болған алғашқы пациент тіркелсе, инфекция белгілері тағы 156 адамнан анықталып отыр. Науқастардың көбі - Тэгу және Чхондо қалаларынан. Сондықтан, жергілікті билік бұл екі аймақты «ерекше бақылауға» алып, тұрғындардың бір жерге жиналуына тыйым салып отыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу