Ақпараттық қауіпсіздікке хакерлер тарапынан жиі шабуыл жасалады

20.02.2020

Дербес деректердің қауіпсіздігіне қоғамның күмәні сейілер емес. Осы саланың «ой-шұқырын» бес саусағындай білетін ұйымдар көптеген келеңсіздіктерге көз жеткізуде. Ал жауапты министрлік ақпараттық қауіпсіздікке хакерлер тарапынан жиі шабуыл жасалатынын мәлімдеді. Мәселен, былтыр 2,5 миллиардқа жуық хакерлік шабуылға тойтарыс берілген. Осыған орай, «Дербес деректер туралы» заң жетілдіріліп, азаматтардың жеке басына қатысты мәліметтердің қауіпсіздігін арттыру көзделуде.

Биыл ақпараттық қауіпсіздікке тікелей қатысы 250-ден астам мекеменің жұмысына тексеру жүргізілмек. Бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей, дербес деректердің бұзылу фактісіне көп жағдайда серверлерге жауапты қызметкерлер кінәлі болып келді. Оларға заң жүзінде әкімшілік әрі қылмыстық жаза қарастырылды. Дегенмен, мамандар жеке мәлімет қауіпсіздігіне әрбір адам өзінше сақ болуына кеңес береді.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу