Халықтың жеке мәліметіне қатысты хакерлік шабуыл көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың жеке мәліметіне қатысты хакерлік шабуыл көбейді

29.10.2021

Елде азаматтардың жеке мәліметін қорғауға 55 млрд теңге жұмсайды. Цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, 41 млрд теңге мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. 13 млрд теңгеден аса ақшаны инвестиция тарту арқылы табады. Қомақты қаржы 2025 жылға дейін халықтың жеке мәліметтерін қорғауға жұмсалады. Мемлекеттік техникалық қызмет мамандары Қазақстанда биыл хакерлік шабуылдың көбейгенін айтады. Қазанға дейін ақпараттық қауіпсіздікке 21 мыңнан аса шабуыл жасалған.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу