Қ.Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының жұмысымен танысты

20.02.2020

Мемлекет басшысы дәрігерлермен кездесті. Нақтырақ айтсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барып, мекеменің жұмысымен танысты. Аталған орталықтың Басқарма төрағасы Юрий Пя Мемлекет басшысына лабороториялар мен бөлімдерді аралатып, науқастарды емдеу тәсілдері жайлы айтып берді. Орталық диагностика жасауда соңғы инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізуге баса мән беріп келеді. Соңғы озық құрылғылар сырқаттарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу