Ақтөбеде алты айлық нәрестенің жүрегіне ота жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде алты айлық нәрестенің жүрегіне ота жасалды

15.02.2016
Ақтөбеде алты айлық нәрестенің жүрегіне ота жасалды

Ақтөбе облыстық балалар клиникалық ауруханасында Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мамандары балалар кардиохирургиясы бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, туабітті жүрек ақауы бар алты айлық Айзере Сұлтанғалиға ота жасады.

Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы балалар кардиохирургия бөлiмiнiң меңгерушiсi Дмитрий Горбуновтың айтуынша, сапардың мақсаты – облыстық балалар клиникалық ауруханасының жұмысымен, жетістіктерімен танысу, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, шеберлік сабақтарын өткізу барысында жүрекке күрделі оталар жасау. Сондай-ақ, ол қазір балалар арасында мұндай аурудың түрлері көбейіп бара жатқанын, елімізде мың баланың жеті-сегізіне жүрек ақауының ауыр және жеңіл түрлеріне ота жасалатынын айтты.

Ақтөбе облысында ғана жылына 20 мыңға жуық сәби дүниеге келсе, оның 140-160-сы осы ауруға шалдығады екен.

Маманның сөзіне қарағанда, туабітті жүрек ақауының жеңіл және ауыр түрі болады. Өткен жылдан бері ақтөбелік мамандар ақаудың екі түріне де ота жасай бастапты. Алайда, көбіне туабітті және күрделі жүрек ақауы бар науқастар Астанадағы орталыққа жіберілетін көрінеді.

Хабарламаларға жазылу