Иранда COVID-2019 вирусынан екі адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда COVID-2019 вирусынан екі адам қайтыс болды

20.02.2020
Иранда COVID-2019 вирусынан екі адам қайтыс болды

Иранда коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды. Бұл ақпаратты елдің Денсаулық сақтау министрлігі растады. 

Бұған дейін ведомство екі адамның жұқтырғанын айтқан еді. Бұл - Ирандағы алғашқы коронавирус жұқтыру оқиғалары. Екі адам қаза тапқан Кумда бейсенбі күні мектептердегі сабақ тоқтатылды.

20 ақпандағы жағдай бойынша, әлем бойынша коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны 75 713 адамға жетті, 2126 адам қайтыс болған. 16 231 науқас ауруханадан шығарылды.

Сондай-ақ Жапониядағы Diamond Princess круиздік кемесінде COVID-2019 вирусынан екі адам қайтыс болған.

ria.ru фото: REUTERS

Хабарламаларға жазылу