Коронавирустан 2600 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан 2600 адам қаза тапты

24.02.2020

Коронавирус эпидемиясына байланысты Қытайда жыл сайын өтетін парламент сессиясы кейінге қалдырылды. 

Соңғы мәліметке қарағанда, Италияда жаңа инфекцияны жұқтырғандар 150-ге жетіп, бүгін одан бесінші адам қайтыс болды. Ал Оңтүстік Кореяда COVID-19 вирусынан 7 адам, Иранда 12 адам қайтыс болды. Ислам Республикасында жаңа вирус өршіп бара жатқандықтан, осы елмен арадағы шекарасын Түркия, Армения, Пәкістан және Ауғанстан жапты.  Ауғанстан демекші, бүгін оның Герат провинциясында инфекцияны жұқтыруы мүмкін 3 адамның біреуінде диагноз расталған. Жергілікті тұрғындар болса, жаңа кеселдің белгілерінен бейхабар. 

Қытайдың өзінде өткен тәулікте жұмбақ пневмониядан тағы 150 адам жан тәсілім етіп, құрбандар қатары 2600-ге жуықтап қалды. Вирусты жұқтырғандар болса, 78 мыңға жақындап отыр. Ел президенті Си Цзиньпин жексенбі күні мәлімдегендей, Қытайдағы эпидемиялық жағдай әлі де қиын.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу