Коронавирустан терісі қарайып кеткен қытайлық дәрігер қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан терісі қарайып кеткен қытайлық дәрігер қайтыс болды

05.06.2020

Уханьда коронавирустан терісі қарайып кеткен қытайлық дәрігер ауруханада қайтыс болды. Ху Вэйфэннің организмі бауыры зақымданғандықтан осындай өзгеріске ұшыраған. Мұны «Глобал таймс» газеті хабарлап отыр.

Доктордан қауіпті инфекция қаңтарда табылды. Содан бері ол төрт айдан артық емделді. Худың жан тәсілім еткені маусымның 2-де белгілі болды. Ол – Уханнның орталық ауруханасында Covid-19 вирусынан қайтыс болған алтыншы дәрігер.


Хабарламаларға жазылу