Украинаның шығысында қарулы қақтығыс жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның шығысында қарулы қақтығыс жалғасып жатыр

07.06.2022

Украинаның шығысында қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Ел билігінің мәліметінше, Северодонецкіде жағдай ауыр. Дегенмен президент Владимир Зеленский украиналық сарбаздардың ұрысты жалғастыруға қауқары жетеді деп мәлімдеді.

Ал Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың сөзінше, Северодонецкінің адамдар тұратын аудандары, Донецк және Луганск облыстарының Солтүстік Донец өзенінің сол жақ бойындағы елдімекендерінің көбі ресейлік әскерилердің бақылауына өткен. 6 мың 500 украиналық сарбаздың тұтқынға түскені де айтылды. Әзірге ресми Киев бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу