«Мұнда ержүрек те, жауыз да жоқ... Клоунсыз комедия, залымы жоқ трагедия...» деген «Паразиттер» фильмінің режиссері Пон Чжун Хо. Иә, бұл фильм былтыр Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағын» алған, содан бері кино әлемінің басты жүлделерімен марапатталып келеді - аптада «Оскар» сыйлығына ие болды! Әдеттегідей «Шет тілдегі үздік фильм» ғана емес, басты марапат - «Ең үздік фильм» деген аталымда да. Ал, Пон Чжун Хо – үздік режиссер. Бұл фильмді қазақстандық киносүйер қауым да бағалаған. Параллель сызықтар - бай мен кедейдің өмірін перпендикуляр қылатын аз ғана нүктенің бірі – кедейдің байдың үйіндегі қызметшілігі арқылы шебер көрсеткен, паразит кім? –дегенді әдемі өрнектеген кино.
Тілшіміз Гүлжазира Ғалиқызы екі әлемнің екі әлемі туралы нақты өмірден мысал алып сюжет түсірмекші болған. Бір таптың өкілін келістірдік. Екінші таптың өкілдерін келістіре алмадық. Сөйтіп таразының екінші басына фильмнің өзін қойдық.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ