Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықтар карантиннен шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықтар карантиннен шығарылды

16.02.2020

Қытайдың Ухань қаласынан 2 ақпанда эвакуацияланған қазақстандықтар бүгін карантиннен шығарылғанын хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Студенттердің бәрі дін аман, вирус жұқтырмаған. Олар жатқан көп профильді медорталықтың директоры Мұхтар Төлеутаевтың айтуынша, 89 адамның 83-і қазақстандық, 5 Беларусь азаматы және біреуі Армения азаматы. Бірнеше адамда жедел респираторлық вирустық инфеция болған, олар емделген. Карантиннен шығарылған студенттер Алматы, Ақтөбе, Ақтау және Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары. Сөйтіп олар 14 күн Нұр-Сұлтаннан 7 шақырым жердегі медициналық орталықтың арнайы бөлінген инфекцияға қарсы корпусында жатып шықты. Сонымен бірге 13 ақпанда Қытайдағы азаматтарымызды алып, Алматыға келіп қонған ұшақ бортында болған 171 адам да бүгін стационардан шығарылған. Тексеруден кейін олардың да аман-сау екенін хабарлайды Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы. Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан оралған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша бақылауда болатынын айтады.


Хабарламаларға жазылу