«Күлбике» көрерменге заманауи стильде жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Күлбике» көрерменге заманауи стильде жол тартты

08.10.2022

«Астана Опера» театрында «Күлбике» қойылымының премьерасы өтті. Германиядан келген қоюшы хореограф Раймондо Ребек оны ересектермен бірге балалар мен жасөспірімдерге де қызықты етуге тырысқан. Сондықтан балет хореографиясына поп-би және брейк-данс элементтері қосылған. Ал бас кейіпкерді үй қызметшісінің орына фэшн-дизайнер кейпінде берген. Ханзада болса ди-джей бейнесінде шығады. Басты жаңалық – балет әртістерінің гироскутерде қиын элементтерді орындауы.

Раймондо Ребек, қоюшы хореограф:

«Күлбике» баршаға танымал шығарма болғандықтан біз оны қазақ көрермендеріне бейімдемедік. Шарль Перро бұл ертегіні 17 ғасырда жазған. Германияда бұл қойылымның неміс халқына бейімделіп жазған нұсқасы бар. Қазақтарда да осыған ұқсас ертегілер бар екеніне сенімдімін. Бірақ біз әлемдік нұсқасын негізге алдық. 

Серік Сейлеубай


Хабарламаларға жазылу