7 баланың анасы таксист болып күн көріп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 баланың анасы таксист болып күн көріп жүр

14.02.2020

7 баланың анасы такси жүргізіп, отбасын асырап отыр. Әрекет сайын берекет дейтін Айзат Асылбекқызының бұл қарекеті әлеуметтік желіде көпті қайран қалдырды. Елордада жалдамалы пәтерде тұратын жалғызбасты ана көлікті 2 жылға сатып алу құқымен жалға алған.

Айзат Асылбекқызының такси жүргізе бастағанына жарты жыл. Көлік айдауды 8 жылдан бері білсе де, бұл салаға енді келуі. Таңнан кешке дейін еңбекқор жан елордалықтарды діттеген жеріне жеткізеді. Тапқан табысымен қажеттілігінен бөлек, несиеге алған көлігі үшін күн сайын 9000 теңге төлейді.

Жалғызбасты ана жарымен дәм-тұзы жараспағанын айтады. Анда-санда көмектескені болмаса, алимент төлемейді. 7 баланың жауапкершілігі бір өзіне түскен соң аспаз, көлік жуушы болып еңбек етуге тура келіпті.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу