Маңғыстауда салықтан жалтарғандар көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда салықтан жалтарғандар көп

19.04.2019

Маңғыстауда 2 мыңнан астам бизнес субъектісі салықтан жалтаруда. Табысын жасырып, жұмысшылар санын азайтып көрсеткен мекемелерді анықтау үшін, өңірде арнайы штаб құрылды. Бүгінгі күнге дейін штаб нақты 737 жеке мекемені анықтады.

Олар дәмхана, мейрамхана, шаштараз және сұлулық салондары. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, облыс аумағында орналасқан мұнай сервистік компанияларды да тексеру басталды.  Жалпы 20 дан астам өндірістік мекемеге 100-ге жуық сервистік компания қызмет көрсетеді. Алайда, соның тек 3 еуі ғана заңды түрде тіркелген. Ал, қалғандары туралы мәлімет жеткіліксіз. 

Марина Әлібекова, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

Облыстық бюджетке түсетін қосымша кіріс көздерін табу үшін штабты арнайы құрған болатынбыз. Бірақ, кірістер департаменті берген мәліметке сүйенсек, әсіресе аудандарда мекемелерді анықтап, оларды тіркеуге алу баяу жүріп жатыр.Сондықтан аудан аумағында орналасқан компаниялардың тізімін жасақтап, хабарлама жіберуді жеделдету қажет.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу