Ақтауда қандаланың уынан тағы бір отбасы зардап шекті

12.02.2020

Ақтауда қандаланы улаймын деп тұтас бір отбасы ажал құша жаздады. Абырой болғанда, 3 адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, аман қалды. Оқиға кеше болды. 45 жастағы әйел мен оның екі қызы жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. 

Науқастардың уланғаны анықталды. Оларға қажетті ем-дом көрсетілді. Зардап шеккендердің айтуынша, төменгі қабаттағы көршісі пәтерін қандаладан тазартамын деп улаған, бірақ маңайындағыларға ескертпеген.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу