Қазақстан Президенті волонтер болудың нағыз озық үлгісін атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Президенті волонтер болудың нағыз озық үлгісін атады

12.02.2020
Қазақстан Президенті волонтер болудың нағыз озық үлгісін атады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтер болудың нағыз озық үлгісін атады. 

«Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау - көне заманнан келе жатқан халқымыздың дәстүрі. Сондықтан бұл дәстүрді міндетті түрде сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойынша құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді біздің халқымыз. Волонтерлер қызметінің басты мақсаты – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету», - деді Мемлекет басшысы елордадағы «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатында. 

ҚР Президенті кезінде Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері жер аударылып, сол қиын-қыстау уақытта халқымыз оларды бауырына басып, бір үзім нанды бөліскенін еске салды. 

«Шынайы жанашырлық көрсету – халқымызға тән қасиет. Міне, нағыз волонтер болудың озық үлгісі деп осыны айтуымыз керек», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу