Қазақстанда тұңғыш рет аса ауыр қылмыс жасағандарға жақынымен кездесуге мүмкіндік берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда тұңғыш рет аса ауыр қылмыс жасағандарға жақынымен кездесуге мүмкіндік берілді

11.02.2020

Қазақстанда аса ауыр қылмыс жасағандарға жақындарымен кездесуге мүмкіндік берілді. Тұңғыш рет. Ақмола облысында орналасқан түзету мекемесінде бүгін ашық есік күні өтті. Жақынын сағынып, осы сәтті зарыға күтіп жүргендер мекемеге ағылды.  Енді олар екі тәулік бойы бірге болады. Арнайы кездесу орнында емін-еркін әңгіме-дүкен құрады. Сағынышын басады. Ауыр қылмыс жасағандардың еркіндікке ерте шығуға құқы жоқ. Сол себептен, мұндай кездесу оларға ауадай қажет.

Бұл мекемеге ең ауыр қылмыс жасағандар қамалады. Қазір 560 сотталушы жазасын өтеуде. Көбі мастықпен, жастықпен адам өлтірген, зорлаған, тонаған. Сотталғандардың көбі абақтыда ашылған кәсіпорындарда жұмыс істейді. Темірден түйін түйеді, қолөнерден бұйымдар жасайды. Бірақ еңбекке алданғанмен, кеудедегі өкініш кетпейтінін айтады.

Қылмыстың арты - жаза. Біреуге қиянат жасасаң соңы осында жеткізеді. Бірақ өкінішке қарай, сотталғандар еркіндіктің қадірін кеш түсінеді. Ал бостандық пен тар қапастың арасын есік қана бөліп тұр.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу