Ауғанстанда жанкешті жарған бомбадан 5 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда жанкешті жарған бомбадан 5 адам мерт болды

11.02.2020

Ауғанстан астанасы Кабулде жанкешті бомба жарып, 5 адамды мерт қылды. Қанды оқиға бүгін әскери академия жанында болды. Снаряд іске қосылғанда, оқу орнының кіреберісінде бірнеше адам тұрған. 

Әзірге шабуыл үшін ешкім мойнына жауапкершілік алған жоқ. 

Елдің ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, құрбандардың арасында әскери қызметкерлермен бірге бейбіт адамдар да бар. Тағы ондаған ауғандық жараланған. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу