Пәкістанның Кветта қаласындағы жарылыстан 31 адам қаза тапты

25.07.2018

Пәкістанның Кветта қаласында сайлау бөлімшесінің жанында жойқын жарылыс болып, 31 адам қаза тапты.  Айта кету керек, бүгін бұл оңтүстіказиялық мемлекеттің халқы парламенттің жаңа депутаттарын сайлап жатыр. Шабуылшылар полиция машинасын нысанаға алған болуы керек деген болжам бар.

Жанкешті іске қосқан бомбадан 35 адам жараланды. Олар дереу госпитальге жеткізілген. «Амак» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қанды қылмыс үшін жауапкершілікті «ДАИШ» қарулы тобы өз мойнына алды. Ал, осы айдың басында Белуджистан провинциясының Мастунг қаласында өткен сайлауға арналған шеруде жанкештінің шабуылынан 149 адам мерт болды.

Бүгінгі жарылысқа сайлау учаскелерін күзетуге 371 мың жауынгер жіберілсе де ештеңе бөгет бола алмаған.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу