Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті

06.02.2020

Шымкент қаласында әр апта сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мәртебелі поэзия мінбері» бұл жолы ақын, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығына арналды. Қазақ поэзиясына ақиқаттың уытына оранған рухты өлеңдерімен айырықша леп алып келген ақын өзіндік үні мен әуені бар, кең тынысты кемел дарын иесі. Шығармашылық кеште жастар ақынның отты жырларын жатқа айтты. Қатарластары, зиялы қауым, оқырмандар мен ақын жазушылар лебізін білдірді. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу