Стамбулдағы ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында Қазақстанның екі азаматы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбулдағы ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында Қазақстанның екі азаматы бар

06.02.2020
Стамбулдағы ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында Қазақстанның екі азаматы бар

Түркияның Стамбул қаласындағы ұшақ апатында екі қазақстандық зардап шекті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

«Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де ұшақтың Стамбул әуежайына қолайсыз қонуы барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан Қазақстан Республикасының екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада. 

Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, қазақстандықтарға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. 

Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Стамбұу бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын. Ұшақ апатынан барлығы 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болды.


Хабарламаларға жазылу