Грекия полициясы мигранттарды күшпен таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия полициясы мигранттарды күшпен таратты

04.02.2020

Грекия полициясы Лесбос аралында шерулеткен мигранттарды күшпен таратты. Босқындар лагерлердегі жағдайды жақсартуды талап етіп, демонстрацияға шыққан. Шетелдіктердің сөзінше, оларға баспана беру процесі тым ұзаққа созылып кетті. Наразылық білдіргендердің арасында әйелдер мен балалар да болды. 

Тәртіп сақшылары мигранттарды тарату үшін көзді жасаурататын газ қаруын қолданған. Дегенмен одан қанша адамның зардап шеккені әзірге белгісіз. 

Лесбоста мигранттар үшін 3 мың орындық лагерь салынған. Алайда онда қазір 19 мыңдай адам тұрып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу