Адам ағзасын донор қылу үшін туыстарының рұқсаты сұралмайды. Заңға өзгеріс ене ме, жоқ па? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам ағзасын донор қылу үшін туыстарының рұқсаты сұралмайды. Заңға өзгеріс ене ме, жоқ па?

01.02.2020

Үмітін үзбей донор күтіп, ақырында өмірі үзіліп кеткен отандастардың саны 2016 жылы -84, 2017 жылы - 91, 2018 жылы 121 адам болған.

Қазақстандағы донорлыққа қатысты Ақтөбеде шу шықты, дереу ушықты. Мәселе былай, Ақтөбе облысындағы Байғанин ауданы Алтай батыр ауылының тұрғыны Серікболсын Көшербайды белгісіз біреулер басынан ұрып жарақаттайды. Азаматты ауыр жағдайда қалаға әкеледі. Артынша науқастың миы өлді деген қорытынды жасаған дәрігерлер дереу соқталдай жігіттің екі бүйрегін екі әйелге ауыстырып салып береді. Тап осы сәт дәрігерлерді сотта айыпталушылар тарапына бір-ақ шығарды. Мәселе мынада, марқұм Серікболсынның туыстары жақынымыздың бүйрегін бізге айтпай, рұқсат алмай кесіп алды деп шағымданды. Дәрігерлер керісінше, біз хабарласып, рұқсатын алғанбыз деп шыж-быж. Осындай бассыздық болмау үшін қазір Қазақстанда донорлыққа қатысты заңды қатайтып, кімнің қалай рұқсат беруі керектігін анықтап алу қажет. Елімізде қазір 3000-нан астам азамат донорға мұқтаж екенін ескерсек марқұмның ағзасын алу өзгенің өмірін сақтаудың жалғыз амалы, һәм дұрыс қадам секілді көрінуі мүмкін. Бірақ...

Назым ҚАЙРАТ  


Хабарламаларға жазылу