Анестезия қандай жағдайда салынады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анестезия қандай жағдайда салынады?

31.01.2020

Жеке меншік стоматологияда комаға түскен бүлдіршіннің жағдайы да әлі де ауыр. Науқасты күні-түні бақылап отырған дәрігерлер мидың церебральды ісінуі деген дигноз қойды. Естеріңізге салайық, осыдан үш апта бұрын елордадалық Анастасия Зеленая сап сау қызының тісін емдетуге барып, ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізген еді. 2 жарым жастағы Алиса анестезиядан кейін түсініксіз жағдайда осындай күйге түскен. Қазір істің ақ-қарасын тиісті органдар анықтап жатыр.   

Осы оқиғадан кейін көп ата-аналардың абдырап қалғаны рас. Өйткені қазақстандық балғындардың шамамен 80 пайызы тіс жегісіне шалдыққан. Сондықтан ата-аналардың көпшілігі тіс емханасын жағалауға мәжбүр. 

Стоматологтар көбінесе диагностикалық орталықтарда анестетиктің бес түріне сынама жасауға жолдама береді. Оның біріншісі артикаин, екіншісі мепивастезин, үшіншісі увестезин, төртіншісі увестезин-форте, бесіншісі септанест. Ал жеке клиникалардың лицензиясыз анестезия салуына құқығы жоқ. 

Сондықтан дәрігерлер баланың тіс емдетерде қарапайым қағидаларды ұстанған жөн екенін айтады.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу