Алматыда Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкімет басшыларының қатысуымен «DigitalAlmaty» халықаралық форумы өтті. Жиынға үкімет басшыларынан бөлек ақпараттық технология саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар, әлемдік транскорпорациялардың басшылары және бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Негізгі тақырып - одаққа қатысушы елдердің өзара экономикалық байланысы мен цифрлық интеграциясын дамыту. Үкіметбасшысы 2050 жылы Қазақстан көлік инфрақұрылым, логистика, тау-кен өнеркәсібі саласына жасанды интеллекті енгізу арқылы 5 триллион теңге пайда табатындығын жеткізді. Бұдан бөлек, «Смарт систем» инситутының табысты жұмысын атап өтті.
2021 жылдың соңына дейін еуразиялық экономикалық одақтағы мемлекеттік сатып алулар толықтай электронды форматқа көшуі керек. Үкімет басшысы Алматыдағы жиында осындай ұсыныс айтты. Сондай-ақ Премьер-Министр Асқар Мамин бәсекелестік ережелерін бұзып, бизнеске келген залал орнын толтыру бойынша одақ туралы шартқа өзгерістер енгізуді пысықтау бастамасын көтерді. Осы ретте зардап шеккен тарап шығынға ұшырамауы тиіс. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы 2020 жылы Минск қаласына жоспарланып отыр.
Нысаналы ЫҒЫЛ