Түркістанда газдан уланып өлген 5 адамның ісі бойынша күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда газдан уланып өлген 5 адамның ісі бойынша күдікті ұсталды

17.03.2021

Түркістанда газдан уланып өлген 5 адамның ісі бойынша күдікті ұсталды. Ол - қаладағы газ орнату фирмаларының бірінің директоры. Полиция қызметкерлері күдіктілер қатарының әлі де артуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан тергеу амалдары жалғасады.

Қайғылы жағдай 27 ақпан күні Түркістандағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған еді. Онда газдан уланып, бір отбасының 5 мүшесі қайтыс болған. Жер үйден 41 жастағы анасы мен төрт перзентінің мәйіті табылған. 

Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Ол Түркістан қаласының тұрғыны. Фирма директоры. Оған қатысты Түркістан облыстық Полиция департаментінің тергеушілерімен Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу