Ақмола облысында 4 адам көкөністер сақталған жертөледе уланып қайтыс болды

19.04.2019

Ақмола облысында 4 адам көкөністер сақталған жертөледе уланып қайтыс болған. Алдын ала болжам бойынша, олар шіріп кеткен картоптан шыққан белгісіз улы газдан уланған.

Қайғысы оқиға кеше Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында болды. Көз жұмғандардың барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары. Олардың біреуі Державинск тұрғыны, ал қалғандары 12 сәуірде қонаққа келген екен.              

Хабарламаларға жазылу