Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында қаза тапқан 3 кеншінің аты-жөні белгілі болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында қаза тапқан 3 кеншінің аты-жөні белгілі болды (ВИДЕО)

31.08.2017

Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында метан газының тарауынан уланып, қаза тапқан 3 кеншінің аты-жөні белгілі болды.

Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі марқұмдар туралы ақпарат берді. Қайғылы оқиға бүгін таңғы 4 шамасында орын алған. Деректер бойынша, шахтада барлығы 136 адам болған. Ал, апатты учаскеде 3 жұмысшы қалған.

Таңғы 5:30-да шахта қызметкерлері марқұмдардың денесін тапқан. Қазір кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеуде.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу