Еуропарламент Brexit-ке келісім берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропарламент Brexit-ке келісім берді

30.01.2020

Еуропарламент Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығу туралы келісімін көпшілік дауыспен мақұлдады. Бұл құжатқа депутаттардың 621-і қолдау білдірсе, 49-ы қарсы болып, 13-і дауыс беруден қалыс қалған. 

Бельгия астанасы Брюссельде өткен пленарлық сессияда Brexit мәселесі осымен біржолата шешілді. 

Сондықтан еуропалық заңнамашылар британдық әріптестерімен қоштасып, оларға жылы лебіздерін білдіріп, достық туралы бірлесе ән шырқады.

Біріккен Корольдік одақ құрамынан қаңтардың 31-інде кешкі шығуы тиіс. Содан кейін Лондон мен Брюссель 11 ай бойы болашақ серіктестік туралы келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу