Еуропарламент Ұлыбританияның ЕО-дан шығу келісімін мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропарламент Ұлыбританияның ЕО-дан шығу келісімін мақұлдады

30.01.2020
Еуропарламент Ұлыбританияның ЕО-дан шығу келісімін мақұлдады

Еуропарламент сәрсенбіде Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу туралы келісімін қолдады. Brexit-ті  621 депутат қолдап, 49-ы келісімге қарсы болған. 13 депутат қалыс қалған.

Айта кетейік, өткен аптада Ұлыбритания патшайымы Елизавета II мен Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен және Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишель келісімге қол қойған еді. Енді Біріккен Корольдік блоктан 31 қаңтарда шығуы тиіс.

rbc.ru Фото: Olivier Matthys

Хабарламаларға жазылу