Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропарламент өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропарламент өкілдерімен кездесті

27.03.2014
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропарламент өкілдерімен кездесті
 
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропарламент депутаттары Элизабет Йеггл мен Даниель ван дер Ступты қабылдады.
 
Еуропалық Одақпен ынтымақтастық мәселелеріне қатысты Сенат Төрағасы қазіргі кезде Қазақстан Еуропа одағымен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісім әзірлеуге және қол қоюға ерекше мән беретінін атап өтті.
 
Әңгіме барысында ОБСЕ Парламенттік Ассамблея аясындағы өзара іс-қимыл, Гаагада өткен Ядролық қарусыздану жөніндегі үшінші жаһандық саммит қорытындылары, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру мәселелері де қозғалды.

Хабарламаларға жазылу