Еуропарламент климаттың өзгеруімен күрес саясатын реформалау жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропарламент климаттың өзгеруімен күрес саясатын реформалау жобасын мақұлдады

19.04.2023

Еуропарламент климаттың өзгеруімен күрес саясатын реформалау жобасын мақұлдады. Бұл құжаттың мақсаты – көміртегі нарығын модернизациялау. Осы реформа нәтижесінде Еуропа Одағы 2030 жылға дейін ауаға тарайтын улы заттардың мөлшерін 2005 жылғы деңгейден 62 пайызға азайтуды көздеп отыр. Бұған қоса, 2026 жылдан бастап болат, цемент, алюминий тәрізді құрамында көміртегі көп заттарды импорттаушыларға біртіндеп салық салу бастамасы көтерілген. Еуродепутаттар мұны қолдап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу