1 шілдеге дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 шілдеге дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленеді

28.01.2020
1 шілдеге дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленеді

2020 жылдың 1 шілдесіне дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

«Сауда саясаты бойынша бағдарлама әзірленеді. Өткізу нарықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету және электрондық сауданы дамыту бойынша шаралар іске асырылады. Осы жылдың соңына дейін жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылданады», - деді министр. 

Оның атап өтуінше, әлеуметтік саясат бойынша әлеуметтік саладағы заңнамаға түгендеу жүргізіледі. Осы жылғы 1 шілдеге дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленеді. Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шаралар, оның ішінде Денсаулық кодексі қабылданады. Кодекстің жобасы ашық және кеңінен талқыланады. 

«Білім беру бойынша педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады. Ғылыми-өндірістік кластерлер құру және адами капиталды дамыту бойынша ұсыныстар әзірленеді», - деді ол. 

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы жылғы 15 мамырға дейін Орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық даму жоспары қабылданатындығын атап өтті. 

«Жұмыс тобы әзірлеген негізгі шаралар Жоспарға енеді. Әрбір орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган белсенді қатысады. Жоспар жобасын мазмұнды пысықтау үшін сараптамалық қауымдастықтың кеңінен талқылауына шығарылады. Жұмыс органы ретінде Ұлттық экономика министрлігін айқындау ұсынылады. Жалпы алғанда, бұл тәсіл әзірленіп жатқан шараларды өзара үйлестіруге ықпал ететін болады. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іс жүзінде іске асыру қамтамасыз етіледі», - деді Руслан Дәленов.

Хабарламаларға жазылу