Президент атаулы әлеуметтік көмек туралы әлі күнге дейін нақты ұстаным жоқ екенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент атаулы әлеуметтік көмек туралы әлі күнге дейін нақты ұстаным жоқ екенін айтты

24.01.2020
Президент атаулы әлеуметтік көмек туралы әлі күнге дейін нақты ұстаным жоқ екенін айтты

«Биыл 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді. Олқылықтар жойылды. Негізгі мақсат көлбалалы отбасына жүйелі қолдау көрсету болып отыр. Бірақ, әлі күнге дейін нақты ұстаным жоқ. Жағдайдың ыңғайына қарай жүріп келе жатырмыз. Үкімет әлеуметтік саладағы заңнаманың жоқ-жітігін түгендеуі керек»,- деді Мемлекет басшысы. 

Қазақстан Президенті әлеуметтік әл-ауқат тұрғын мәселесімен тығыз байланыста екендігін баса айтты. 

«2018-2019 жылдары тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны барынша жоғары болатын. Бұл 25 мың отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік берген еді. Оның ішінде 5,5 мың аз қамтылған, көпбалалы отбасы мен 3 мың жұмыс істейтін жас баспаналы болды. Бұл нақты нәтиже. Тұңғыш Президенттің «Бақыты отбасы», «7-20-25» бағдарламалары арқылы шамамен 20 мың отбасы зайым алды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Хабарламаларға жазылу