Қазақстанда Әлеуметтік кодекс әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Әлеуметтік кодекс әзірленіп жатыр

04.05.2021

Қазақстанда жәрдемақы, атаулы көмек, міндетті әлеуметтік сақтандыру секілді 16 заңды біріктіретін Әлеуметтік кодекс жобасы дайындалып жатыр. Ол мемлекеттен кімнің, қандай жағдайда көмек ала алатынын нақты реттеу үшін жасалады. Мамандардың айтуынша, жаңа кодекс мемлекеттік қолдау шараларын халыққа оңай түсіндіруге мүмкіндік береді. Әзірге жұмыс тобы 500-ге жуық ұсыныс жинаған. Еске салайық, әлеуметтік кодекс әзірлеуді былтыр Президент тапсырған еді.

Асқар Ниязов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры:
Ең басты мақсат – бала туғаннан зейнетке шыққанға дейінгі кезеңдерді саралап, әр бапта қарастырамыз. Биылғы жылдың соңына дейін тұжырымдаманы әзірлеп бітуіміз керек. Заң жобасы келесі жылдың соңына дейін Парламентке өтеді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу