Көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі

07.10.2019

Көмек балалардың санына қарай 42 500 теңгеден бастап, 73 мың теңгеге дейін болады. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Ал атаулы әлеуметтік көмек отбасы мүшелерінің табысы күнкөріс деңгейінің 70 пайызына жетпеген жағдайда беріледі. 

Бірақ отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері атаулы әлеуметтік көмекті алу құқығынан айырылады. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың баларына да жаңа көмектер қарастырылған. Жаңа заң жобасы қазан айының соңына дейін Парламентте қаралып, жаңа жылдан бастап күшіне енбек.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Оның тетіктерін Денсаулық сақтау министрлігімен, Білім министрлігімен қазір пысықтап жатырмыз. Бүгін біз негізгі ұстанымдарымызды хабар еттік. Бізде әлі 2-3 ай бар. Жақын арада тетіктерді әзірлеген соң сіздерге хабарлаймыз. 

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу