Қытайда бір тәулікте 109 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда бір тәулікте 109 адамнан коронавирус анықталды

03.11.2021

Қытайда коронавирус жұқтыру оқиғалары қайта тіркеліп жатыр. Рейтердің хабарлауынша, инфекция бір тәулікте 109 адамнан табылған. Ковид ел астанасы Бейжіңде де анықталды. Осыған орай жергілікті тұрғындарға қала сыртына шықпауға, топ болып жиналмауға, той-томалақ тәрізді ауқымды шараларды өткізбеуге кеңес берілді. Сонымен бірге, Бейжің әуежайларында ұшақ рейстерінің тең жартысы кейінге қалдырылған. Қытай билігінің мәліметінше, коронавируске шалдығудың жаңа толқыны қазанның 17-де басталды. Сол кезден бері елдің 17 провинциясында 500-ден астам вирус жұқтыру оқиғасы тіркелген. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу