Еліміздің батыс аймақтарында коронавирусқа қарсы сақтық шаралары күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің батыс аймақтарында коронавирусқа қарсы сақтық шаралары күшейді

03.03.2020

Ақтөбеде коронавируске байланысты үш адам оқшау жатқызылып, бақылауда болды. Олардан қауіпті індет анықталған жоқ. Жыл басынан бері өңірге Қытайдан 700-ге жуық адам келген. 

Оның тоғызы вирустық инфекцияларға байланысты ауруханаға жатқызылып, ем қабылдады. Өңірде аурудың алдын алу үшін аймақтық ведомствоаралық штаб құрылды. Талап бойынша коронавирус кең таралған елдерден келгендер бақылауға алынып, 24 күн бойы қаралды. Бүгінде 573 медицина қызметкері коронавирусты анықтау, диагностикалау және емдеу бағытында біліктілігін арттырды. 38 миллион теңгеге қосымша қорғаныс костюмдері, қажетті дәрі-дәрмек, медициналық маскалар мен қолғаптар сатып алынған. Дәріханаларға 20 мың бетперде таратылды. Инфекциялық ауруханада 394 орын бар.

Жақсыбек КЕМАЛ 


Хабарламаларға жазылу