Бүгін Швейцарияның Давосында Әлемдік экономикалық форум ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Швейцарияның Давосында Әлемдік экономикалық форум ашылады

21.01.2020

Ол осымен 50-ші рет өз жұмысын бастайын деп отыр. Жиынның тақырыбы «Ұйымшыл, тұрақты әлемге мүдделілер» деп аталады. Соның аясында экология, экономика, технология, қоғам, геосаясат, индустрия тәрізді алты негізгі сала мәселелері талқыға тасталады.

Форумға дүниежүзінің 118 елінен 2800-дей делегат қатысады. Солардың ішінде 53 мемлекет басшысы, ірі бизнес пен корпорациялардың жетекшілері, медиа ұйымдардың өкілдері мен өнер адамдары және ғалымдар да болады.

Қаңтардың 24-не дейін жалғасатын кездесуде АҚШ президенті Дональд Трамп та сөз сөйледі. Ол Давосқа осыдан бірер сағат бұрын ұшып барды. 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу