Давоста дүниежүзілік экономикалық форум өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Давоста дүниежүзілік экономикалық форум өтіп жатыр

16.01.2024

Бүгін Швейцарияның Давосында Дүниежүзілік экономикалық форумның бірінші толық отырысы өтіп жатыр. Қатысатын 2800 адамның қатарында мемлекет және үкімет басшылары, орталық банк төрағалары, қаржыгерлер, кәсіпкерлер, суретшілер, ғалымдар, халықаралық ұйымдардың жетекшілері бар.

Алдағы үш күнде олар Газа мен Украинадағы соғыстарды, жасанды интеллект пен климаттық өзгерісі, жаһан экономикасының жағдайы мен өсіп келе жатқан қарызды, сондай-ақ өзекті өзге де проблемаларды талқылайды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу