Несиенің төлем уақыты асып кетсе де, өсімпұл қосылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несиенің төлем уақыты асып кетсе де, өсімпұл қосылмайды

21.01.2020

Бұған дейін кредит алушылардың қарызы 180 күннен асқан жағдайда күніне 0,5 пайыз көлемінде үстеме ақша төлеуге тиіс еді. Биылдан бастап бұл уақыт 90 күнге қысқартылды. Өсімпұл қосу тоқтатылды. Бүгін Ұлттық экономика министрлігі жыл басынан бастап түзетулер енген бірқатар заңдарды таныстырды. 

Оның қатарында жергілікті бюджеттерге шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығының берілуі, қалалардың инфрақұрылымын кеңейту құзіреті, жастар кадрлық резервіне алынған азаматтардың конкурстан тыс өтуі сияқты жаңа өзгерістер бар. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу