Егер салығыңызды төлеу қиындап, уақытынан асып кетсе, мемлекет жалпы қарыздың үстіндегі өсімге кешірім жасайды

31.05.2019

Кәсіпкерлердің  назарына! Елімізде жүріп жатқан салықтық рақымшылық мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Егер салығыңызды төлеу қиындап, уақытынан асып кетсе, мемлекет жалпы қарыздың үстіндегі өсімге кешірім жасайды.  Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Өткен жыл бойынша,  елімізде 90 077 шағын және орта бизнес субьектілерінің 210,4 миллиард теңге берешегі болған. 122,9 миллиард теңге өсімпұл, 7,4 теңге миллиард айыппұл. Яғни соңғы өсімпұл мен айыппұлға рақымшылық жасалған. Бұл – Елбасының кәсіпкерлерді қолдауға арналған нақты шарасы. Салықтық амнистияға қатысу үшін, арыз жазып немесе өтінім білдірудің қажеті жоқ. Бұл тұрғыда кірістер комитеті - салық төлеушілердің төлемақылары мен берешектері туралы күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Салық төлеуші өз берешегін белгіленген күнге дейін, яғни 1-қазанға дейін төлеген жағдайда, оның үстіндегі өсімпұл мен айыппұл автоматты түрде алынады.

Жайдар Іңкәрбаев, ҚР Мемлекеттік Кірістер Комитеті төрағасының орынбасары:

Ең үлкен үлес көлік салығы бойынша салықтар.мысалы 100 мың теңге қарызы болатын болса, соны төлейтін болса көлік салығы бойынша, өсімпұлы 200 сондай да бар мысалдар. Сонда 200 мыңы төлеу керек болмайдын Рақымшылық жасалады.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу