Иранның Азаматтық авиация басқармасы Тегеран маңында апатқа ұшыраған украин ұшағына 2 зымыранның тигенін растады. Алдын ала тергеу есебінде ұшаққа қысқа қашықтықтағы TOR-M1 әуе қорғаныс жүйесінен ұшырылған 2 зымыран тигені айтылған. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) жазатайым оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссия өз жұмысын жалғастыруда және инспекциялық топтың құрамына Украинадан келген сарапшылар да тартылған.