Иран кез келген агрессорды жоюға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран кез келген агрессорды жоюға дайын

23.09.2019

Мұны осы елдің Революция сақшылары корпусының қолбасшысы Хоссейн Салами ескертті. Ол мұндай мәлімдемені Сауд Арабиясы мен АҚШ Саудия мұнай зауыттарына жасалған шабуыл үшін Тегеранды айыптағаннан кейін жасап отыр. Сонымен қатар, өткен тәулікте Америка Саудияның қорғанысын күшейту мақсатында Таяу Шығысқа қосымша әскер жөнелтетінін жариялады. Ислам Республикасы болса, Батыс елдерінен өз қарулы күштерін Парсы шығанағы аймағынан әкетуге шақырды.

Саудия сыртқы істер министрі Әдел әл-Джубейр елдің инфрақұрылымын шабуылдағандарға тиісті жауап қайтарылатынын ескертті. Оның сөзінше, қыркүйектің 14-де мұнай зауыттарына тиген дрондар мен бір зымыран Иранда жасалған. Алайда, қарсы жақ мұны жоққа шығарып отыр. Айта кетсек, сол оқиға үшін Иранға арқа сүйеген йемендік шиит-хуситтер өз мойнына жауапкершілік алғаны белгілі.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу